Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті хостелдердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Бүгінгі таңда инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімімен 2 хостелдің қызметі тоқтатылды», - деді Ақтау қаласы ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Мақсат Шапхатов.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.