Баянды ауылына жақын орналасқан қоқыс полигоны үшінші рет өртенді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы экология департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мамандары «Маңғыстау Жылу» МКК қарасты полигонға жедел шолу жүргізген. Өртті өшіруге арнайы мамандар мен техникалар жұмылдырылған.
* Аталған полигонның санитарлы қорғау аймағының атмосфералық ауасынан сынама алдық. Ауада күйіктің, азот оксиді мен көміртегі оксидінің шамадан тыс артуы тіркелді, тиісті зертханалық хаттамалар толтырылды, - делінген департамент мәлімдемесінде.
Экология департаменті осы жағдайға қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындамақ.