Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері Қырғызстан елінен Ақтау қаласына келген гуманитарлық көмекті күтіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атырау облысынан Ақтау қаласына эвакуацияланған тұрғындарға арнап 18 сәуір күні көршілес Қырғызстан елінен гуманитарлық көмек келген болатын. Аталмыш көмекті күтіп алып, халыққа тарату жұмысын Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің 30 дан астам әскери қызметшісі атқарды.