Әзербайжан елшілігі Маңғыстау өңіріне 5 көлік гуманитарлық көмек әкелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ақтау қаласындағы Әзербайжан елшілігі «Kaz fruit» компаниясымен бірлесіп, Маңғыстау жастар ресурстық орталығына 5 көлік гуманитарлық көмегін жеткізді.
Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Шамсадин Гусейновтың айтуынша, су тасқыны Әзербайжан диаспорасында қатты алаңдатқан. Бүгінгі күні әзербайжандықтар тамақ пен гигиеналық заттармен қоса барлық керекті дүниелерді тапсырды. Көкөністер мен жеміс-жидек, азық-түлік және қажетті заттар эвакуацияланған жандарға жіберіледі.
- Бүгінгі күні су тасқыны апатына кезігіп отырмыз. Әзербайжан диаспорасы көмек қолын созып отыр. Еліміз аман болсын. Қазақ елі тыныш болсын. Барлығына жақсы күндерді тіледім, - деді Шамсадин Гусейнов.