Маңғыстауда оқушылар мен ата-анаға арналған “Ұрпақ және ұлттық құндылық” тақырыбында кездесу өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуді Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен "Риза-Ана" қоғамдық қоры қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты - жастар арасындағы ерте жүктілік пен басқа да өзекті мәселелердің алдын алу, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды насихаттау. Шараға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері, отбасы және демографиялық комиссия мүшесі Айнұр Жүгінісова келіп, тақырып аясында кездесу өткізді.
- Өкінішке қарай жастардың ерте жүктілігі жөнінен Маңғыстау облысы алдыңғы орында тұр. Осы орайда ата-ана қыз тәрбиесіне үлкен мән беруі керек. Өңірде қыздар 9-сынып бітіре сала тұрмысқа шығып кетуі көп екен. Ата-аналармен үлкен түсіндірме жұмысын жүргізу, қыздардың білім алуы өте маңызды. 11-сыныпты бітіріп, маман иесі болуы қажеттігін айтуымыз қажет, - дейді ұйымдастырушылар.
Аталған кездесу Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласында да өтті.