© Фото: kt.kz
28 қаңтар күні сағат 10:00-ден басталған шетелдік көліктерді заңдастыру аясында Маңғыстау облысында 140 көлік тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полицейлер жұмыс уақытында автокөлікті заңдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша Облыстық полиция департаментінің Процессинг орталығына 8 (7292) 47-45-69 телефоны арқылы хабарласуға болатынын еске салады.
Бір реттік заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.