Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Қазақстанның құрметті журналисі Темір Мыңжасты 70 жасқа толуына орай арнайы қабылдап, мерейжас иесіне сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Әpбіp aдaмның өзіне тән ғұмыp жoлы, тіpшілік бaяны болады. Еткен еңбек, көpген бейнет, тaтқaн зейнет, жеткен биік әpкімнің өміpінде әpқилы. Сіз өмір жолыңызда еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділігіңізбен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиетке ие тұлға ретінде танылдыңыз. Бірнеше басылымдарда бас редактор, редактор орынбасары болып, жемісті еңбек етіп, мемлекеттік жұмыстарды да белсене атқардыңыз",-делінген облыс әкімі орынбасарының құттықтау хатында.
Танымал ақын, қарымды қаламгер Темір Мыңжастың ұзақ жылдар бойғы шығармашылық еңбегінің жемісі бірнеше прозалық және поэзиялық жинақтар мен кітаптарға арқау болды. Мұнымен қоса ол отызға жуық ән мәтінінің авторы. Өңір журналистикасының өрістеуіне сіңірген еңбегі үшін бірқатар медальдармен марапатталған.
Голрох Жеменей