Оқиға 22 наурыз күні сағат 02:50 шамасында болған. 102 кезекші диспетчерге Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 65/721 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Mercedes-Benz 280 көлігінің жүргізушісі жылқыны соғып кеткен.
Жол апатының салдарынан осы көліктің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.