Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Циклондық белсенділіктің әсері Қазақстанның барлық аумағында сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ болжанады, тұман, бұрқасын және желдің күшеюі 15-28 м/с, 26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп болжанып отыр.
Ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.