19 желтоқсанда сағат 02:35 шамасында Ақшымырау ауылында бір топ ер адам жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. 32 жастағы ер адам үш адамға пышақ сұққан. Төбелес салдарынан 39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ал екі адам ауруханаға жеткізілген.
Маңғыстау ауданы Пб кезекші бөліміне 19 желтоқсан күні сағат 05:20-да Ақшымырау ауылының ауруханасы дене жарақаттары бар екі науқас түскенін хабарлаған.
- Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - деп мәлімдеді МО полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Махаббат Нұржанқызы