Түркия Республикасының құрылғанына – 100 жыл. Ғасырлық мерейтой аясында «Ақтау» ойын-сауық орталығының кинотеатрында түрік киноларының тегін көрсетілімі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Түркияның Ақтаудағы Бас консулдығы ұйымдастырған «Түрік фильмдері» іс-шарасында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі ұсынған кинофильмдер көрсетілді.
Ұсынылған фильмдер: «Інжір тосабы» және «Көбелек көрген түс», екеуі де– драма жанрында.
Айта кетейік, қос фильм де көрерменге тегін ұсынылды.
Көрермен қатарында облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов болды. Сондай-ақ ассамблея мүшелері, ардагерлер мен ақсақалдар, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, университет пен колледж студенттері, мұғалімдер, түрік азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Көрсетілім аясында фильмнен бөлек келушілерге түрік тәттілері де ұсынылды.
Валентина Қозыбақова