
Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясында айтылды. Сондай-ақ жоба аясында 2 балалар ойын алаңы орнатылмақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясына қала әкімі Ұ. Тналиев те қатысты. Күн тәртібінде 2023-2025 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру және оның ережесін бекіту мәселесі қаралды.
- Қаланың негізгі қоғамдық орындарын атап айтқанда, теңіз жағалауы, скверлер, саябақтарда орналасқан абаттандыру элементтерін, шағын сәулет нысандарын, ескерткіштерді, су бұрқақтарды, спорт, ойын алаңдарын күтіп ұстау бойынша жауапты бөлім тиісті жұмыстар атқаруы қажет. Бұл – қаланың көркі үшін қажет. Әрі тұрғындардың уақытын тиімді өткізуі үшін де маңызды, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Роза Әділханқызы