Таңертеңнен бері Ақтауда күйіктің иісі сезіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Тыныс алу мүмкін емес. Экологтар қашан жауап береді? Немесе тағы да Атырауда қамыс өртеніп жатыр деп айтатын боларсыз? Бұл иіс күшейеді немесе басылады. Және бәрі қандай да бір себептермен үнсіз отыра ма? Мемлекеттік органдар қайда?», - деп тұрғындар әлеуметтік желіде сауал жолдап жатыр.
Экология департаментінің хабарлауынша қазір күйіктің себебін анықтау бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауалдар жолданып жатыр.
«Бұл Астрахан облысындағы өрттің салдары деген алдын ала болжам бар. Ол жақта қамыс жанып жатқан болу керек. Осы деректерді растау үшін біз Атырау облысының, Маңғыстау облысының ТЖД-не сұрау саламыз. Ресми жауап келгеннен кейін оның себебін нақты айтуға болады», - деп хабарлады экология департаменті.