Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының жастары мен қалалық полиция басқармасы бірігіп есірткіге қарсы акция бастады. Акция аясында белсенділер қалада есірткі сату айналымын жарнамалайтын граффити жазуларды жою жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция аясында Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының жастары мен 3-шағын ауданның учаскелік полиция қызметкері Аббас Алиев есірткі жарнамасы жазылған жазуларды өшірді. Белсенділер осылайша жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттамақ. Полицейлер тұрғындардан өз шағын ауданында есірткі жарнамасын байқаса бірден, 102 нөмеріне хабарласуыын сұрайды.
Есірткі қазіргі қоғамның басты дерті. Басты мақсат есірткіні пайдалану мен таратуға үгіттейтін жазуларды, жарнамаларды жою және салауатты өмір салтын насихаттау. Барша қала тұрғындарын есірткіге қарсы күресуге шақырамыз. Өз шағын ауданыңызда есірткі жарнамасын байқасаңыз, 102 нөмеріне хабарласуыңызды сұраймыз, - деді учаскелік полиция қызметкері Аббас Алиев.