«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырып, өндірістік объектілердің тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету міндетін қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марат Елеусінов жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ ол «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2020 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры болып қызмет етті.
Еңбек жолын 2009 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да Мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған.