Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында «Айрақты» тауының маңында тазалық жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық белсенді атсалысты. Олардың қатарында Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық» колледжінің студенттері бар.
-Шара барысында «Айрақты» тауының маңы қоқыстан тазартылды. Негізгі мақсат - жастарды қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалыққа баулу. Барша қазақстандықтарды және өңір тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамын, - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми басшысы Саламат Қалбаев.
Айрақты тауы – Маңғыстаудағы ең әсем шөгінді таулар тізбегі. Алыстан қарағанда мұнаралар мен бекініс қабырғаларына ұқсайтын тау бүгінде туристер мен қонақтардың келетін сүйікті орнына айналған.