Ақтаулық Ұлпагүл Мұқанова өмірден ләззат алып, саяхаттауды жанына серік етіп үлгерген зейнеткер. Осылайша ол "зейнеткер тек немере бағады, ауруханаға барады, белсенділігі шектеледі" деген түсінікті бір сәтте жоқ қылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengritravel.kz сілтеме жасап.
Ақтау тұрғыны, зейнеткер Ұлпагүл Мұқанова зейнет жасына қарамастан, белсенді саяхаттағанды және әлемді танып-білгенді ұнатады. Оның қызы, стюардесса Фатима анасы туралы толығырақ айтып берді. Ұлпагүл бұған дейін Грузия, Түркия, БАӘ, Оңтүстік Корея сынды көптеген елде болған.
"Анам 61 жаста, зейнеткер. Жиі сапарға шығып тұрады, сондықтан әпкелеріммен бірге сапарға алып шығуға тырысамыз. Анам Грузияда, Стамбулда және Кореяда болды. Жас кезінде анам көп саяхаттаған, студент кезінде Венгрияда болған, әкем екеуі Дубайға да барған. Анам белсенді демалысты, көп жүруді және жаңа орындар мен қалаларды зерттеуді ұнататын адам. Жасына қарамастан, күн сайын 10-15 мың қадам жүреді. Оның сүйікті бағыты – Грузия. Ол сол елдің табиғатына таңғалады, ал Ыстамбұлда базарға барғанды ұнатады. Жас кезінде өзінің түркиялық киімдер бутигі болған, сондықтан Түркияда сауда жасау оған өте қызықты", – деді қызы Ұлпағұл.
Фатиманың айтуынша, оның отбасы үшін саяхаттау жай демалыс емес, нағыз құмарлық. Сол себепті де Ұлпагүл жаңа жерлерді зерттеп, әлемнің сұлулығын тамашалауды тоқтатпайды.
Ұлпагүл егде жастағы саяхатшыларға ұсыныс-кеңесін айтты:
* таза ауада жиі серуендеу;
* егер ұшақта ұйықтап, демалуға мүмкіндік болса, онда жақсылап демалып алу;
* өте ыңғайлы аяқ киім кию;
* әрқашан жылы киім алып жүру;
* дәрумендерді қалдырмай ішу;
* ұйқы және тамақтану кестесін ұстану;
* суды көп ішу, әсіресе белсенді демалыс кезінде;
* күйзеліске берілмей, осы сәттен ләззат алу.
Фатима жақында анасымен бірге Оңтүстік Кореяға саяхаттады. Оның айтуынша, екі адамға шамамен 900 мың теңге кетті, бұл бағаға авиабилет құны кірмейтінін ескертті.
Сондай-ақ ол артық шығындалмау, маршруттарды жоспарлау және жол жүру шығындарын оңтайландыру бойынша кеңестерімен бөлісті. Айтуынша, ойын-сауық пен тасымалдау үшін билеттерді алдын ала сатып алу, сондай-ақ жақсы таңғы асы бар жайлы қонақүйлерді таңдау маңызды.
«Егер билеттерді алдын ала сатып алсаңыз, жақсы жеңілдіктер таба аласыз. Қалауыңызға сай қонақүйді Booking немесе Trip.com, Airbnb сайтынан таңдап, брондай аласыз. Қыдырып, қарайтын орындардың маршрутын алдын ала жазып, билетін алған дұрыс. Бұл уақытты үнемдеуге, тиімді жоспарлауға және жетудің жеңіл жолын қарастыруға мүмкіндік береді", - деді Фатима.
Қорытындылай келе, Фатима мен зейнеткер анасы саяхаттауға ақша аямау керек екенін айтты. Саяхаттау - естеліктер мен ерекше эмоцияға, тәжірибе, білімге байытатын құрал. Осылайша, ол тұрғындарды жиі саяхаттауға шақырды.