24-26 сәуір аралығында Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінде «Президенттік көпсайыс» жарысы өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден алты команда қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөзіне сілтеме жасап.
Жарыстың ашылу салтанатында «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын дәріптейтін бұл сайысқа жалпы саны 6 команда 30 – ға жуық әскерилер қатысты. Жарысқа қатысушылар бірінші күні 100 және 1000 метрге жүгіру, граната лақтыру, ұзындыққа жүгіру секілді спорт түрлерінен бақ сынаса.
Жарыстың екінші күні 100 метрге жүзу мен ату спорт түрлерінен күш сынасты.
Жарыс қортындысы бойынша Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінің командасы жүзден жүйрік шығып жеңімпаз атанды. Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаз команда кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.