Ақтау қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері көру қабілеті төмен балалар тәрбиеленетін балабақшаның балаларын 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімнің қызметкерлері «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, балалардың көңіл күйлерін көтерді.
Сонымен қатар, балалармен түрлі ойындар ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жиын соныңда қызметкерлер балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.