Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке ірі компаниялар өкілдері, құрылысшылар, энергетиктер қатысып, қала тазалығына өз үлесін қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі компаниялардың өкілдері, құрылысшылар, энергетиктер теңіз жағалауын қоқыстан тазалады. Арамшөптерді жұлып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК қызметкері Роза Марабаева қала тұрғындары мен қонақтарын сенбілікке қатысуға шақырды.
–Демалыс күндері балалар және немерелерімізбен теңіз жағасында серуендейміз. Қала тазалағы өзімізге жақсы. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын сенбілікке қатысуға шақырамын. Әр адам қоқыс тастамай, жинап кетсе қала таза болады деп есептеймін, - деді «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК қызметкері Роза Марабаева.