Бүкіл қала тұрғындарымен бірге Н. Жантөрин атындағы облыстық драма театрдың жалпы саны жиырма жұмысшысы мен әртісі Ақтаудағы 14-шағын аудандағы теңіз жағалауын қоқыстан тазалау үшін сенбілікке шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Біз таза Қазақстан үшін және таза Ақтау үшін теңіз жағасын қоқыстан тазалау үшін сенбілікке шықтық. Қаламыздағы тазалықты сақтау - әрбір адамның міндеті», - дейді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының директоры Айдос Тастаев.
Театрдың шаруашылық меңгерушісі Гүлсара Сүндетова сенбілікке өз қаласын сүйетінін, оны қонақтарға мақтанышпен көрсеткісі келетінін айтады.
«Біз Ақтаудың таза, жағалаудың әдемі болғанын қалаймыз. Адамдар полигонға емес, демалысқа келеді. Баратын туыстарымызға таза теңіз бен жағалауды көрсеткім келеді, себебі теңіз - біздің басты көрікті жеріміз. Мен барша тұрғынды қоқыстарын жинап жүруге шақырамын, сөмке алып жүру қиын емес. Сондай-ақ, қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін тазалықшыларға алғыс айтамын!», - дейді Гүлсара Сүндетова.