Ақтаулық белгілі блогер Азамат Сәрсенбаевтың күтіміне тағы бір қоқиқаз қосылды. Ол енді екі құсты бірдей бағып жатыр. Алайда даланың жабайы құсын орналастыратын жер табылмай отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Блогер Азаматқа осы әрекетінен кейін табиғатты қорғау мекемесінің өкілдері қоңырау шалып, Қызыл кітапқа енген құстарды ұстағаны үшін айыппұл саламыз деп қорқытқан көрінеді.
"Адамдар құстарға қатысты көмек сұраған кезде бұл мекеменің ешқайсысы саусағын да қимылдатқан жоқ. Енді бәріне мен кінәлі болып отырмын. Олар маған айыппұл салмақшы. Егер кенеттен құстардың бірі өлсе, онда маған бұл үшін жауапкершілік жүктеледі. Бұл ретте мен бірнеше жылыжай иелерімен сөйлестім. Бірақ ешкім бұл құстарды алғысы келмейді. Тек Алматы хайуанаттар бағы жауап берді. Енді оларды қалай жіберуге болатынын ойластырып отырмыз", - деді блогер.