Тұрғындар әлеуметтік желіде жарықтың бірнеше рет өшіп қалғанын айтып шағымдануда. Еске салайық, кеше апатты өшу орын алып, түнге жақын оның себебі анықталғаннан кейін ғана жарық қосылған еді. Алайда тұрғындар бір сағаттан кейін тағы да жарықсыз қалды. Олардың айтуынша, түнде бірнеше рет ажыратылған. Бұдан бөлек электр энергиясы таңда тағы да болмады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"АЭЖБ" МКК мәліметінше, 12,13,14,17 ш/а тағы да электр қуатының апатты сөнуі орын алған. Қазір мұнда бригада жұмыс істеп жатыр. Көппәтерлі үйлердегі су қысымын арттыратын сорғы орнатқан тұрғындар да не сусыз, не жарықсыз, қалғандарын айтады. Өйткені су сорғылары электр қуатымен жұмыс істейді.