Ақтаудағы 17-шағын аудан «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің» жатақханасы су тасқынынан эвакуацияланған 203 адамды қабылдады. Оның 84-і балалар, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған эвакуациялық пункт 500 орынға арналған. Эвакуациялық пунктте адамдар қажетті заттар және азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.
"Белсенді азаматтар мен кәсіпкерлер де қол көмектерін беруде. Жатақханада арнайы медициналық пункт бар. Сонымен қатар, қала бойынша азаматтарға көмек көрсететін еріктілер тобы құрылды. Қазіргі таңда 120 ерікті азаматтарға қызмет көрсетуде", - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.
Ақтауда 17-шағын аудан 118-ғимараттағы жатақханада әлі де су тасқынынан эвакуацияланған тұрғындарды қабылдауды жалғастырады.
Эвакуациялық пункт мекен жайы: жатақхана 17 шағын аудан, 118-ғимарат орналасқан.
Байланыс номері:
+7 775 437 6129 Наурызгүл
+7 702 996 3869 Саят