Ақтау порты Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ және порттың жеке бөлімшесі – «Баутино» жүк аймағы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына еніп отыр. Ерекше құқықтық режим 2028 жылға дейін белгіленеді деп күтілуде.
АЭА аясында ұсынылатын преференциялар портты дамыту бойынша инвестициялық жобаларды толық іске асыруға ықпал етеді. Оның ішінде порт базасында контейнерлік хабының құрылысы және портты заманауи ауыстырып тиеу қондырғыларымен жабдықтау бар.