Ақтаудағы №21 мектепте Амал мерекесіне орай мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шара барысында мектеп кіреберісінде оқушылар домбырамен күй шертті. Білім ордасының алдында қолөнер бұйымдары қойылып, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп оқушылары асық ату, арқан тартыс, гір тасын көтеру және тоғызқұмалақ ойынына қатысты.
- Мерекелік шара басталмас бұрын оқушылар мен ұстаздар көрісіп, бір-бірін мерекемен құттықтады. Аталған шара Амал мерекесіне орай жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында өткізілді. Амал мерекесі баршамызға құтты болсын, - деді №21 жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы Бексұлтан Майрамов.