Өртке оранған базар бүгін полиция қоршауында, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz.
Саудагерлер сөзіне сүйенсек, азық-түлік дүкені мен жанындағы бос дүкен толықтай жанып кеткен. Сатушылар дүкендер пластиктен құралғандықтан қас пен көздің арасында отқа оранғандығын айтады.
Олар балалар киімі дүкенінің жанып кеткендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Өртті дер кезінде сөндірмесе, дүкендер қатары толығымен жанып кетуі әбден мүмкін еді. Себебі бәрі пластиктен жасалған. Ал пластик өзіңізге мәлім өте тез жанады. Өрт шыққан жерге жақын маңайда пластиктен жасалған павильонда кәуап пісіреді. Бұл қауіпсіздік талаптарына мүлдем қайшы болса, олардың жұмысына кім рұқсат берген?",-дейді сұраулы жүзбен саулагерлер.
Қазіргі таңда базар толықтай жарықтан ажыратылған. Кей саудагерлер өз жұмысына кірісе алмай тұр. Ет сатушылар бұл жағдайға шағымдануда. Олар мұздатқыштар мен салқындатқыштарда сақталған өнімдердің бұзылуы мүмкін деп алаңдайды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.