Ақтау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасай отырып.
Белгілі болғандай, теріс пиғылын жүзеге асыру үшін қаскүнемдер көліктерді заңсыз ашып, жәбірленушілердің жеке мүлкін ұрлап әкеткен. Сондай-ақ, олар тұрмыстық техника дүкендері мен гипермаркеттерден ұрлаған. Атап айтқанда, 8 қазанда 16-шағынауданның 6 үйінің жанында "Лада" маркалы автокөліктен "Автосканер" құрылғысы ұрланған, ал 8 қарашада 22 және 23 шағынаудандарда "ВАЗ 2170"маркалы автокөліктерден әмиян, планшет және автокөлік сорғысын жасырын ұрлаған. Осыған ұқсас факт 19 қазанда 28-шағынауданда тіркелді.
Жәбірленушіге тиесілі " Фотон " маркалы автокөліктегі күдікті "Самсунг" маркалы ұялы телефонды жасырын ұрлап әкеткен. 1 Қарашада 27-шағынауданның бір ғимаратында ұялы телефон ұрланып, 5 қарашада Ақтау қаласының 12-шағынауданында орналасқан тұрмыстық техника дүкендерінің бірінде PlayStation ойын құрылғысын ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Сондай-ақ, 5 қарашада 4-шағынаудандағы гипермаркетте ұсақ ұрлық фактісі орын алды. Гипермаркеттен 4 дана шоколад жасырын ұрланып, күдікті де оқиға орнынан қашып кетті. Ақтау қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар барлық күдіктілерді анықтап, ұстады. ҚР ҚК-нің 188 (ұрлық) және 187 (ұсақ ұрлық) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды, ЕҚДБ-да тіркелді. Бір күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы тергеу жүргізу нәтижесінде анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де Ақтау Қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Өз кезегінде, Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындарынан өздерінің жеке мүліктеріне мұқият болуды сұрайды. Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды және мүлікті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз!