© Bulak.kg
7 шілде күні Ақтау қаласы 34 шағынаудан «Достық үйі» ғимаратында Қарақалпақстан Республикасының «Made in Karakalpakstan» атты бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бизнес форумда Қарақалпақстан елінің Жоғарғы Кеңес төрағасы, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сауда-өнеркәсіп палатасы, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, және 50 ден жоғары өнім өндіруші және қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынатын болады.
Бизнес форумның басты мақсаты - екі жақты қарым-қатынасты орнату. Аталған форумға барлық қала/аудан тұрғындары және кәсіпкерлері қатыса алады. Форум аясында жергілікті кәсіпкерлерге екі жақты келісімге отыруға зор мүмкіндіктер болады.
Уақыты 09:00-18:00 дейін.
Үзіліс 13:00-14:00 дейін.