Ақтаудағы Түркия елшілігінің ұйымдастыруымен «Демократия және ұлттық бірлік күні» іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2016 жылы 15 шілдеде Феттухллахшы лаңкестік ұйымы Түркия ұлты мен үкіметіне қарсы қанды төңкеріс әрекетін ұйымдастырмақ болған. Алайда сәтсіздікке ұшыраған. Қазіргі таңда аталған күн Түркия мемлекетінде «Жеңіс күні» ретінде атап өтіледі. Сондай-ақ қақтығыста қаза тапқандарды еске алу мақсатында құран бағышталады.
Жиында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин сөз сөйледі.
- Құрметті азаматтар, қадірлі қонақтар, Түрік елі тарихына үңілер болсақ, адамзат өркениетінің ілгерілеуіне жол көрсетуші үлгі бола отырып, адамгершілік құндылықтарды сақтайтын және қорғайтын мемлекет құрды. Ұлы көшбасшымыз Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің қолбасшылығымен тәуелсіздік үшін күресі нәтижесінде Түркия Республикасы құрылып, 100 жылдық қысқа мерзім ішінде әлемдегі ең маңызды державалардың біріне айналды. Мұндай табыстың біз үшін бағасы тым қымбат. Мемлекетімізді ішкі-сыртқы жаулар жоюға тырысқанымен, халқымыз көрегендігімен кедергілерді әрдайым еңсеріп отырды. Осы мызғымас ұстанымды 2016 жылдың 15 шілдесінде де көрсеткен болатын. Түркияның жүзжылдық жылнамасында 15 шілде дастанын жазған халқымыздың жеңісі мен күресін ұмытпаймыз,-деді Сабри Альптекин.