Ақтауда күндізгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған 260 м3 жаңбыр суы сорып алынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар жаңбыр суын тазалау жұмыстарын мына мекен-жайлар бойынша жүргізді:
-5 және 7 шағынаудан аралығы;
-16 шағынаудан «Инара» ТҮК маңы;
-17 ш/а Халық арена;
-30 ш/а «Олжа» сауда орталығының алдындағы автомобиль жолы;
-31 ш/а Хазар базары;
-32Б мен 32А шағынаудан аралығы.
Бұл жұмыстарға 35 қызметкер және 17 арнайы техника жұмылдырылды. Жолдағы суларды тазарту жұмыстары жалғасады.