Ақтауда 29 шағынаудан тұрғындары ішкі жолдарға жөндеу жұмыстарына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар асфальт төсеудің жаңа «инновациялық» әдісіне таң қалды. Олардың айтуынша, асфальт еш дайындықсыз бірден жерге төселеді, ал оны төсейтін орын кездейсоқ таңдалады.
– Қалай өз жұмысына немқұрайлы қарауға болады? Бюджеттен ақша бөлінді емес пе?! Ал жол жөндеушілер асфальт бетіндегі шұңқырларды бетонмен толтырып, бітеп жатыр. Осыған дейін жаз мезгілінде 26 үйге кіреберістегі жолдың шұңқырын қиыршық таспен жауып қойды. Қазір де дәл сол жағдай», – деп шағымданды қала тұрғыны.
- Жолдағы шұңқырларды бітемес бұрын жолдың өзін дайындап, тегістеу керек. Ал асфальттың жай ғана жерге төселгенін көріп бәріміз көріп отырмыз. Мұндай жөндеу жұмыстарына ақша жұмсағанша жөндеу жүргізбеген дұрыс», – дейді 30 үй тұрғыны.
Бұған дейін Ақтау қалалық әкімдігі ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаға. Қазіргі таңда жөндеу 15 шағынауданда аяқталды, ал 14, 4 және 29 шағынаудандарда жөндеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ішкі жолдардың жөндеу сапасына қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Айта кетейік, mangystaumedia.kz сайтының редакциясы шұңқырларды жөндеу мақсатында жүргізілген жұмыстың суретін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» тексеруге жіберді.