Ақтауда мерседес маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті. Оқиға 32 б шағынауданы 16/3 құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды.
"Өртті жоюға 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтауда", - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.