Жасөспірім 20 мамыр күні кешке қарай 7 шағынаудандағы №9 мектеп жанындағы футбол алаңында достарымен ойнаған. Бұл туралы баланың туыстары айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауыр металл қақпа құлағаннан кейін жігіт есін жоғалтқан. Достары баланың анасына телефон соғып, кейін ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Есін біліп, сөйлеп тұрған, есте сақтау қабілетінің аздап төмендеуі және бас жарақаты болды. Бір аптадан кейін жазылды, бірақ 30 мамырда инсульт алып, комаға түскен. Содан бері әлі есін жимапты. Қазір оны комадан шығарудың барлық жолын іздеп жатырмыз», – дейді зардап шеккен жасөспірімнің тәтесі.
Туыстарының айтуынша, облыстық балалар ауруханасындағы реаниматолог демалысқа кеткен. Қазір ол тек онлайн кеңес береді. Ауруханада басқа реаниматологтар жоқ.
«Біз Астанадан санитарлық авиациямен балалар реаниматологының жіберілуін қаладық. Бірақ бізге Абай облысындағы өртке байланысты бүкіл санитарлық қызмет бос емес екенін айтты. Тек сенбіде келе алады. Бұл өте ұзақ уақыт. Ересектер ауруханасынан да дәрігер сұрады, бірақ олар ешқандай кеңес бермеді. Біз не істерімізді білмейміз», - деді әпкесі.