© astanatv.kz
Ақтауда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция батальоны жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік тексеру жұмыстары кезінде «Toyota Camry» маркалы автокөліктің жалған нөмір тағып жүргенін анықтады. Қазір аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара қолданылған.
Патрульдік полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.