Заңсыз салынған нысандарды бұзуға сотқа 12 талап-арыз түскен. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов баспасөз мәслихатында мәлім этті. Қазірдің өзінде тұрғын үй кешендерінің бірін бұзу туралы шешім толық қабылданған, деп хабарлайды mangystaaumedia.kz
Сонымен қатар, үлескерлердің ақшалай қаражатын заңсыз тартудың 6 фактісі анықталған.
Компаниялар заң аясында тиісті рұқсат алмаса да, тұрғындармен келісім жасаған. Оларға барлығы 5,2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша Ақтау қаласында 107 заңсыз құрылыс нысаны (уәкілетті органның тиісті рұқсатын бермеген) анықталып, олар бойынша 67 млн теңге айыппұл салынды.
«Рұқсат құжаттары болмағандықтан 107 заңсыз құрылыс нысаны үшін жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті орган заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді», - деді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.
Брифингте үлескерлердің сауалдары да көтерілді. Заң бойынша құрылыс салушылар әкімдіктен үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат алуы керек.
«Бірақ олар заңның бұл процедураларын айналып өткен. Біз азаматтарға түсіндірудеміз. Алайда көп адам елемейді, қауіп-қатерлерге басын тігіп, келісім-шарттар жасайды», - деді облыс прокуроры Руфат Құттыков.
Прокуратура тіпті «Алданып қалмаңыз» деген жадынамалар да әзірлеген. Жадынамада құрылыс салушыдан ақшаны бермес бұрын қандай құжаттар талап ету қажет екені анық көрсетілген.
«Құрылыс салушылар нақты үш құжат беруі қажет. Біріншісі – үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдік рұқсат бергені жөнінде. Жоспар бойынша 9 қабатты салу керек болса, алдымен соны салу керек, сосын әкімдік үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат береді. Екінші құжат – Қазақстан Республикасының кепілдік беру қорының рұқсаты. Ал үшіншісі – екінші деңгейлі банктердің рұқсаты», – дейді облыс прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов.
Қазір Бас прокуратураның тапсырмасымен тексеру жүргізілюде. Мәселен, 6-шағын ауданда қоғамдық жерге көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған еді. Они бұзу туралы әкімдік сотқа шағым түсірді.