Өткен жылы облыс прокуратурасы 200-ден астам қадағалау актісін енгізді, олар негізінен кәмелетке толмағандар (31), жер қатынастары (30), кәсіпкерлік (25), денсаулық сақтау (16) салаларындағы заңнаманың сақталуына қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Енгізілген актілерді қарау нәтижелері бойынша 216 мың азаматтың құқығы қорғалды (156 605 – кәмелетке толмағандар, 38 264 - жер қатынастары бойынша, 16 259-зейнетақы мәселелері бойынша).
Мемлекет пайдасына шамамен 1 млрд теңге өндірілді (526 млн. - табиғатты қорғау, 126 млн. - зейнетақы, 42 млн. - салық).
Атқарушы органдардың 50-ге жуық заңсыз актілерінің күші жойылды (олардың басым бөлігі жер қатынастары саласында).
Жалпы бұзушылықтар бойынша 900 – ге жуық адам тартылды (242-сәулет және құрылыс саласында, 215-кәмелетке толмағандар және т.б.).
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде прокурорлар 28 қылмыстық іс қозғады, оның 14-і мемлекеттік қаражатты ұрлау фактілері бойынша.
«Атап айтқанда, Түпқараған ауданының электр желілерінің коммуналдық мекемесінде 30 млн теңгеге жуық ұрлық жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «Өзенинвест» коммуналдық мекемесінде 600 млн теңгеге жуық ақша заңсыз берілгені, қылмыстық іс сотқа жіберілгені анықталды. Сонымен қатар, жер шаруашылығы жөніндегі комиссиямен бірлескен жұмыс нәтижесінде жалпы көлемі шамамен 300 мың гектарды құрады, кадастрлық құны 800 млн теңге болатын жер телімдері қайтарылды», - деді облыс прокуроры Руфат Құттықов брифингте.