Ақтауда кей жекелеген құрылыс салушылар рұқсат құжаттамасын алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. 2022 жылдан бері қадағалау шаралары аясында заңсыз құрылыспен айналысқандарға 120 нысан бойынша 90 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дегенмен заң бұзушылықтарды қалпына келтірмеген құрылысшыларға қатысты сот құрылыстарды сүру туралы 28 шешім қабылданды. Оның ішінде соттың санкциясымен 3 нысан, атап айтқанда, Приморский елді мекенінде таунхаус және №9 өндірістік аймақтағы коммерциялық құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй кешені сүрілді. Аталған нысандардың құрылыс жүргізуге рұқсат парақтары мен жобалау-сметалық құжаттамасы болмаған.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес құрылыс салушылардың тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға құқығы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты рұқсат құжаттарын ресімдемеген құрылыс компанияларына қаражат салуға жол бермеуге шақырамыз»,- делінген облыстық прокуратура хабарламасында.