© Фото мұрағаттан
Ақтауда 3 маусым күні дератизация жұмыстары басталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дератизация жұмыстары қаладағы «Самал» шағын ауданынан бастап Өмірзақ ауылына дейінгі теңіз жағалауында, «Ақтау теңіз-сауда портының» маңы, «Ақ желкен» тұрғын үй массиві және 16, 17, 18, 19, 20-шағын ауданда жүргізіледі. Ал дезинсекция жұмыстары қала аумағындағы барлық ойын алаңдарын қамтиды.
- Қалада кеміргіштер мен бүргелердің таралауын болдырмау және оларды жою мақсатында дератизация және дезинсекция жұмыстары жүргізіледі. Осы бойынша мердігер ұйыммен шарт жасалды. 30 күн бойы мердігер компания дератизация және дезинсекция жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар 3 маусым күні басталады, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.
Дератизация – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес.