Ақтауда бүгін сағат 18:00-де 15 шағынаудан «Амфитеатр» алаңында Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өнерпаздарының мерекелік «Алтыбақан» бағдарламасы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал 22 наурыз сағат 10:00-ден бастап 20:00-ге дейін «Сән құрақ FEST - 2023» фестивалі, киіз үйлер қалашығында ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс, ұлттық ойындар, викториналар, ән-жырлардан шашу, өңір суретшілерінің көрмесі және қолөнерші кәсіпкерлердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар, мәдениет, білім, жастар, спорт саласы мамандарының қатысуымен көш, театрландырылған шаралар және түрлі концерттер өтеді.
22 наурызда мейрамға орай кешкі 22:00-де отшашу болады.
«Осы орайда Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесіне арналған «Науша наурыз – бақ, ырыстың бастауы» атты мерекелік шараға шақырамыз», деп жазылған хабарламада.