Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында 21 жасқа толмаған адамға темекі бұйымын сатқан жеке кәсіпкер «Т»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Жеке кәсіпкер «Т» Ақтау қаласының 28 «а» шағын ауданында орналасқан дүкенінде 8 ақпан күні сағат 12:50 шамасында 21 жасқа толмаған М-ға темекі бұйымын сатқан. Сот қаулысымен жеке кәсіпкер «Т» ӘҚБтК-нің 423-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 64 610 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», деп жазылған соттың хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген.