“3-шағын ауданда ескі тұрғын үйлер сүрілмек. Оның орнына заманауи, жайлы тұрғын үйлер бой көтеретін болады. Ескі үйлердегі пәтер иелері “3-шағын аудандағы үйлерді жөндеу бағдарламасына” қатысуда” деп мәлімдейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғын үйлер қала бюджетінен қаражат қарастырылмай, инвестордың есебінен жөнделмек. Әкiмдiктiң мiндеттерiне үйлер үшiн жер бөлiп беру, жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге техникалық жағдайларды қамтамасыз ету және жаңа тұрғын үйлердiң инженерлiк коммуникацияларының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу жатады.
– 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламаға «Құрылыс Строй Сервис» қатысуда. 3-шағын ауданда екі қабатты 15 кірпіш үйді бұзу жоспарлануда. Бұл N33-тен 46-ға дейінгі үйлер, сондай-ақ өртенген N70 ғимарат. Бүгінде шаршы метрлік пәтерлер жобаланбағандықтан, қоныс аударған тұрғындар кең үйдің иелері болады. Ал айырманың құнын бөліп төлеуге болады, – дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Жақыпов.
Биыл бес үй сүріліп, онда тұратын 56 отбасы көшіріледі. Төрт үйдің тұрғындары пәтерлерінен көшіп үлгерді, үйлер бұзылып, жөндеуге дайын. Олар осы ықшамаудандағы екі жаңа үйде тұратын болады. Ал, келесі жылы қалған үйлерге кезек келеді.