Ақтау қалалық мәслихатының соңғы сессиясында депутаттар «Шетелдіктер үшін туристік алымды төлеу қағидаларына» өзгерістер енгізу жобасын қолдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» хабарлағандай, бұл кәсіпкерлерге де, туристерге де ыңғайсыздық тудыратындықтан, жиында туристік алымды төлеуді алып тастау ұсынылды.
- Шетелдіктер үшін туристік жарна - туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем. Ал шетелдіктер үшін туристік алымдар операторлары - туристерді (қонақ үйлерді) орналастыруды қамтамасыз ететін тұлғалар. Шетелдіктер үшін туристік жарна алуды операторлар шетелдіктер жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, туристерді орналастыру орындарында тіркелген кезде жүзеге асырады. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін қала аумағы бойынша 0% - бен бекіту ұсынылады, - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімі.
Еске сала кетейік, былтыр қалада туристік салық 2 пайыз болған.