Ақтауда Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай шағын футболдан қалалық турнир басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жасыл алаңда теңбіл доп шеберлері сынға түсіп, жеті команда өзара шеберлік байқасып жатыр. Ақтау қаласындағы мекемелер мен саяси партиялардан құралған командалар арасындағы жарысты Маңғыстау облыстық қоғамдық келісім басқармасы ұйымдастырып отыр.
«Бүгінгі сынға жеті команда қатысып жатыр. Қоғамдық келісім басқармасының ұйымдастыруымен турнирге қатысуға ниет танытқан командалар ерекше ойын өрнегін көрсетуде. «Күшіміз бірлікте» деген атаумен олар өзара достықты насихаттайды деген сенімдеміз. Бірінші мамыр мерекесіне орай жеңімаздар марапатталып, арнайы кубокка ие болады», - деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Арман Нұрғазиев.