Қарақияда аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған мобилография тақырыбында сабақ өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жастардың қазіргі таңда табыс көзіне айналып үлгерген жаңа бағытты үйренуге деген ынталарын, қатысушылардың белсенділігіненде байқауға болады. Осындай бағыттың қыр-сырын жетік меңгерген мамандар қалтадағы смартфон камерасының көмегімен жастардың өздеріне қажетті туындыларды түсіруге оны көпшілікке ұсынуды, кәсібіне контент жасауды және түсірілген материалдарды телефондағы қосымшалар арқылы әрлеп монтаждауды үйренді», - дейді орталық директоры Әлібек Оразбекұлы.
Сабақта алдын ала тіркеу бойынша түскен өтініштерге сай 35 адам оқытылды. Оның ішінде NEET санатындағы, кәсіпкер, жұмыссыз, студент және оқушы жасөспірімдер қамтылған.
«Мен осындай керемет шараға алғаш рет қатысып отырмын. Мобилография саласы қәзіргі таңда сұранысқа ие мамандық. Болашағы зор десе де болады. Көп дүниелер үйрендік. Телефонға түсірудің қыр-сырымен бөлісті. Ұйымдастырушыларға рахметімізді айтамыз», - деді мобилография сабағына қатысушы.