Сәуірдің 13-і күні 102 кезекшілік пультіне Ақтау қаласының 2 шағын ауданындағы «Шум» сауда орталығында мас күйінде ер адам тәртіп сақшыларына шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен. 31 жастағы күдікті Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған дерек Ақтау қалалық Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі, яғни бұзақылық бойынша тіркелді. Сонымен қатар, азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішіп қоғамдық орындарға мас күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.