Ақтаулықтар 25 қазан – Республика күніне орай балкондарына мемлекеттік туды іліп, акцияға үлес қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайтц қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияға 26, 14, 28, 17, 11, 28а және 21 шағын аудан тұрғындары белсенді қатысты. Акцияға үлес қосқандардың бірі 21 шағын аудан тұрғыны – Толқын Жарасова. Ол осы шараға қатысу арқылы ұлттық мерекені атап өтті.
-Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күнді әр қазақстандық ерекше атап өтуі керек деп есептеймін. Акцияға қатысу үшін таңертең тұрып, үйімнің балконына мемлекеттік туды ілдім. Акцияға қатысу арқылы ұлттық мерекенің аталып өтуіне өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Барша ақтаулықтарды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, деді Толқын Жарасова.
Іс-шара ұйымдастырушысы – Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі.
-25 қазан – Республика күнінде ақтаулықтар да тұрғын үйдің балконына ту іліп акцияға үлес қосты. Белсенді тұрғындар осылайша басқаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан. Жас ұрпақтың бойында патриоттықты тәрбиелеп, рәміздерімізге деген құрметті күшейтуге бағытталған іс-шараға қатысқандарға алғыс білдіреміз,- деді қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
#republicday