12 тамызда сағат 13.40-та Ақтау қаласында 17 шағын ауданда "Грин плаза" тұрғын үй кешенінде пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
10-қабаттағы пәтердің балконында төсек-орын жабдықтары жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің аумағы 3 ш.м. 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 20 бала.
"ТЖД-дан 7 бірлік техника, жеке құрамның 20 қызметкері жұмылдырылды. Апаттар медицинасы орталығынан-1 бірлік техника және 4 қызметкер, ПД - 2 бірлік техника және 6 қызметкер жұмылдырылды", - деп хабарлады облыс ТЖД баспасөз қызметі.