27 желтоқсан сағат 01:02 шамасында 38 шағынаудандағы 7 Qazyna ТҮК 5 үйінде өрт шыққан еді. Сыртқы қаптамасы өртенген үйде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құрылысшы компания өз есебінен өртенген үйдің сыртқы қаптамасын қалыпқа келтіруде. Компания өкілдерінің айтуынша, жөндеу 2-3 күнде аяқталуы тиіс.
«Жұмыс қызу жүріп жатыр, біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Екі-үш күнде бәрін қалыпқа келтіреміз. Келтірілген шығын сомасы әлі есептелмеді. Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Қазір біз үшін ең маңыздысы – үй тұрғындарының жаңа жылды қалыпты жағдайда қарсы алуы. Сондықтан барлығын тез арада қалырқа келтіреміз»,- деді компанияның шығармашылық директоры Арсен Дәулетов.
Айта кетейік, өртті сөндіруге 19 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 1:31-де толық өшірілген еді. Зардап шеккендер жоқ, өрт пәтерлерге таралмаған.