102 кезекшінің пультіне "Сұңқар" ТК қарама-қарсы жолдағы 28А және 26 шағын аудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түскен. Мопед жүргізушісі "Kia Sorento" маркалы автокөлікпен соққаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
Зардап шеккен мопед жүргізушісі бірден Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Заңды шешім жәбірленуші ауруханадан шыққаннан кейін қабылданбақ. Себебі, ол жол-көлік оқиғасына кінәлі ретінде танылып отыр.